М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Физика және информатика» кафедрасы ұйымдастыруымен
19 ақпан 2025 ж. күні, «БІЛІМ БЕРУДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА - ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР» АТТЫ ЖОБА БАЙҚАУЫ БОЛАДЫ
Байқау Тараз қаласы және Жамбыл облысының мектеп оқушылары арасында өткізіледі.
Жобаның өткізілу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Конкурсқа келесі материалдар жіберіледі:
- Автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы акпарат үлгідегі өтінімді толтыру (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.).
- Өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы жане оны пайдалану перспективалары көрсетілген жұмыстың сипаттамасы.
- Шығармашылық жобаны (бағдарламалық өнімді) әзірлеу кезеңдерін көрсететін мультимедиялык материалдар (презентациялар!!!).
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1-кезең – онлайн, хат алмасу. Мектептерді ақпараттандыру 2025 жылғы 23-31 қаңтар. Конкурс материалдарын қабылдау 2025 жылғы 1 ақпанда басталады. Білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға өтінімдерді және жобаларды 2025 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей (қоса алғанда) мына поштаға жіберіледі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
2-кезең – офлайн. Жобаны қорғау түрінде байқаудың финалын өткізу (2025 ж. 19 ақпан).
Конкурсқа қатысу үшін жұмыстарды іріктеуді және оларды бағалауды сараптамалық комиссия жүзеге асырады. Байқаудың сараптау комиссиясының құрамына профессорлық-оқытушылар құрамы кіреді.
Конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ақпарат көрсетілген поштада, байланыс телефондарға хабарлап айтылады және dulaty.kz ресми сайтында жарияланады. Жеңімпаздар 21 ақпан күні профессор К.Жолдасованың кабинеті ашылу салтанатында жарияланады. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады және барлық қатысушыларға байқауға қатысу сертификаттары беріледі.
Жоба талаптары:
- Жобаны өздері жасап келуі міндетті, сонымен қатар мектеп оқушылары жобаларын әділ қазылар алқасына қорғайтын болады. Кез-келген макет немесе идеялар және жобалар жасап келуге болады. Және жоба қорғаушылары өз жобасының презентацияларын берілген почтаға 16 ақпанға дейін жіберуі тиіс.
- Жобаны және сипаттамасын өздерімен алып келуі керек. Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- жоба 25 беттен аспауы қажет;
- өрістер: сол жақ - 2,5см, оң жақ - 1,5 см, жоғарғы/төменгі - 2,0 см;
- қаріп Times New Roman, өлшемі 12;
- жоларалық интервал - бірлік;
- абзацтық шегерім (бірінші жолдагы абзац) - 1 см. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды.
Байқауды өткізу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Физика және информатика» кафедрасы. Жамбыл даңғылы 16а. 5.2 корпус, аудитория 301