М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы «Мұрагер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбындағы  конференция жұмысы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының «Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Г.Б. Идрисованың ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Әйтеке би» қоры мүшелерімен бірлесе отырып, 2023 жылдың 23 қыркүйегінде «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбында конференция өткізді. Конференция мақсаты – қазақ мемлекетін нығайту жолында отарлық езгіге қарсы және ұлттық ұйтқының үйлесуі мақсатында күрескен ірі мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы Жалаңтөс батыр туралы студенттерге кең көлемде таныстыру, сонымен қатар жастардың бойында өз Отанына деген патриоттық сезім қалыптастыру және өмірлік құзыреттілік негіздерін білетін талантты, іскер және белсенді азамат тәрбиелеу.

жалантос111

Іс-шарамызға арнайы шақырылған қонақтарымыз Нәжмедин Түрікбенұлы Мұсабаев – Республикалық «Жалаңтөс Баһадүр» қорының президенті, Қызылорда қаласы. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің басшысы Берік Мырзаұлы Жүсіпов, Шайманов Бекболат - Ақтөбе облысы «Алшын Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы, Нарымбетов Төрехан Қанатұлы - Өзбекстан Республикасы, Науаи облыстық қазақ мәдени орталығының төрағасы, Досыбеков Пернетай Қамбарұлы - «Қаз дауысты Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы, Түркістан қаласы, Каримказов Ордабек Бектібайұлы - Жамбыл облысы «Сейтқұл Әулие Әйтеке би» қоғамдық қорының құрылтайшысы, Ізбасаров Жарылхас - «Төле би» Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы, Шымкент қаласы, Мырзабай Бекарыстан Боранқұлұлы «Байтақ» - жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық бөлімінің басшысы, өлкетанушы, «Сейтқұл әулие Әйтеке би» қорының басшысы Еркебаев Ербол Жалғасұлы, Шерхан Мұртаза атындағы тарих бөлімінің меңгерушісі Асылжан Шайділдаев қатысты. Конференция барысында Жалаңтөс батыр туралы өмір деректерінен толық мәліметтер айтылды, деректердің әлі де болса толық зерттелмей жатқанын және ол ол туралы архивтердегі негізгі айтылмай жүрген құнды деректердің ғылыми айналымға қосу керектігіне тоқталып өтті. Республикамыздың әр өңірлерінен келген қонақтарымыз университет кітапхана қорына қазақ билері мен батырламыз жайында кітаптар сыйлады. Конференция соңында «Сейтқұл әулие Әйтеке би» қорының басшысы Еркебаев Ербол Жалғасұлы «ББ берудегі тарих және география» кафедрасының меңгерушісі РhD А.Т. Серубаева мен конференция жұмысын ұйымдастырған кафедраның РhD Г.Б.Идрисова мен аға оқытушы К.Абдрахмановаға Ташкент, Навои қаласына экскурсиялық тур жолдамасымен марапаттады.

жалантос333

Сонымен қатар кафедра оқытушылары Қ.Шолпанқұлова, К.Абдрахманова, Ж.Калыгулова, Д.Данабекова, З.Исаев және №9 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Е.Рапилбаев, №54 мектеп тарих пәнінің мұғалімі Р.Даутова, №6 мектеп тарих пәнінің мұғалімдері Д.Мадибаева, Ж.Жунисова, С.Джунусова, 20 мектептен 10 сынып оқушылары Аудумоминова Гулбахор,Бариева А., Жетекші Мадибаева Д.Р., Байзақ ауданы, Көктал орта мектебі, 9 сынып окушысы Аскар Д., жетекші : Егембердиева Ж., Байзақ ауданы, Көктал орта мектебі, 10 сынып окушысы Онгарбай С., жетекші : Сугиров Б. т.б. қатысты.

жалантос2222ъ

Тарих мамандығының 2 курс студенттері, үйірме мүшелері Бурамбаев Б.Ж., Мәдеш Әділет, тарих мамандығының 3 курс студенттері Әшірхан Құттыбек, Қуандық Әліби конференция барысында белсенділік көрсетті.

Тараз қаласының №9 орта мектебінің 10 сынып окушылары Жансерик С., Әбілдә А., Сапарбек Ж. тарих пәнінің мұғалімі Рапилбаев Ержан Ізбасарұлының жетекшілігімен келген мектеп оқушылары белсенділік көрсетті.

Мазмұнды баяндама жасап, жолдамаға ие болған студенттер тізімі:

  • 2 курс студенті ИСТ-22-1 тобынан Бурамбаев Б.Д. – Төле би Қазақ хандығындағы ішкі және сыртқы саясатта алатын орны және көрші елдер деректерінде. Жетекші. Идрисова Г.Б.
  • 3 курс ИСТ-21-1 тобының студенті Бактыбекова Аружан Жомартқызы Қазақ қоғамындағы Әйтеке бидің алатын орны. Ғылыми жетекші: Шолпанкулова К.
  • 9 мектеп – 10 сынып окушысы Жансерик С., Әбілдә А., Сапарбек Ж.
  •  Жетекші : Рапилбаев Ержан Ізбасарұлы
  • 3 курс студенті ИСТ-21-1 тобынан Әшірхан Қ.Н. – Жалаңтөс батырдың тарихтағы алатын орны. Жетекші. Идрисова Г.Б.

Жоғарыда аталған студенттер және олардың жетекшілері 16-17-18 мамыр күндері Самарканд, Ташкент, Навои қалаларына 3 күндік экскурсиялық турға бағыт алады.

Конференцияның жұмыстарында мазмұнды баяндама жасаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ орын жүлделі дипломдар берілді.

Қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды және белсенділік білдірген ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табысталды.

жантос444

жалантос555

Top