2025 жылдың 17 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің “Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық” факультетінің 1-2 курс студенттерімен оқытушылары және “Қазақстан студенттерінің Альянсы” ұйымының белсенділерінің ұйымдастыруымен «Ойынсыз өмір - құмарсыз болашақ» деген тақырыпта Тараз қаласы әкімдігініің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы маманы және Тараз қалалық №2 Пробация қызметі бөлім бастығы әділет подполковнигі Ғ.Б.Абдиразаковтың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Бүгінгі біздің қоғамда өзекті мәселеге айналған лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік туралы әңгіме қозғалды. Құмар ойындар – көптеген адамдар үшін жай ғана ермек немесе уақыт өткізу тәсілі болып көрінуі мүмкін. Алайда, ойынға деген бақылаусыз құмарлық өмірді түбегейлі өзгертіп, қаржылық қиындықтарға, отбасылық жанжалдарға, әлеуметтік оқшаулануға және психологиялық күйзелістерге әкелуі мүмкін.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – құмар ойынның салдары туралы қоғамды ақпараттандыру, тәуелділікке ұшыраған жандарға көмек көрсету жолдарын қарастыру және жастарды бұл зиянды әдеттен қорғау.
Есіңізде болсын: нағыз жеңіс – казино мен букмекерлік кеңселерде емес, өз өміріңізді бақылауда ұстай білуде!
Бір сәттік ұтыс – ұзақ мерзімді шығынға айналмасын!
Өміріңізді өзіңіз басқарыңыз, құмар ойындарға емес!
Студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, тың деректерден хабардар болды.
#ОйынсызӨмір
#СаналыТаңдау
#ҚұмарсызБолашақ