Сәуір болмай, тәуір болмас

«Өнер және спорт» факультеті,«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ХТЧ-22-1 3/5 топтарының «Сәуір болмай, тәуір болмас» атты ашық тәрбие сағаты 14.04.2023 ж.куратор п.ғ.м.,аға оқытушы Таттибаева Гулжан Берликовнаның жетекшілігімен өтті. Ашық куратор сағаттарында студенттеріміз рухани адамгершілік тұрғысынан, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұлттық салт-дәстүр, наным, сенім құндылықтарымызды өз бойларынан өткізіп, келешекте педагог қызметін атқарғанда тәрбие іс-шараларын шебер,сауатты ұйымдастыру мақсатында әр студент шығармашылық қабілеттерін көрсетіп машықтанып шыңдылады.

«Сәуір болмай, тәуір болмас» тақырыбындағы ашық сабақта студенттер барынша тақырыпты ашуға тырысты. Халқымыз наурызды "Самарқанның көк тасы жібіген күн" деп ерекше ықылас танытса, "Сәуір болмай, тәуір болмас", "сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай тәуір болмас", "сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды" деп сәуір айындағы жауған жауынның,егіннің бітік шығуына, берекелі тіршіліктің бастамасы наурыз айынан кейін сәуір айында екенің студенттеріміз өлең,көркем сөз, қойылым көрініс арқылы барынша жеткізуге тырысты.Кафедрамыздың белгілі оқытушысы сазгер, күйші Аман Малдыбаев болашақта халықтың балаларын тәрбиелейтін педагогтарымызға шығармашылық ізденіс,сәттілік тілеймін деп батасын берді.

2

3

Top