Қарттарын қадірлеген ел ардақты

«Өнер және Спорт» Факультетінің  жиі  өткізілетін Рухани адамгершілік пен патриоттылыққа, еңбекқорлық пен парасаттылыққа  тәрбиелейтін қайырымдылық іс-шаралар әр қашанда өз жалғасын тауып отырады. Жуырда осы бағыт бойынша  «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен  №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығының  әкімшілік мекемеде "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты қайырымдылық  мәдени іс-шара өтті. Аталған іс шарада Ұлт аспаптар оркестрінің оырндауындағы Халық композиторлар туындылары мен жекелеген студенттерден құралған  "Нұр" триосының «Ауылға». «Шәмші әндері»,  талантты әнші лер Керімқұлова Жанар мен Қалдар Мұқасанның  заманауи патриоттық әндері  тыңдаушыларды баурады. Концертке келген үлкендер мен қариялар өз ризашылықтарын білідрді.  Ұйымның  басшысы Кушанова Гүлжаухар  Ушкемперировна «Өнер және спорт» факультетінің ұжымына толаға табыстар тілеп,  іс шара ұйымдастырып  белсене ат салысқаны үшін алғыс хатмен марапаттады.

 2

3

4

5

Top