Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
- 1 орын, Дулати университетінде оқу үшін 100% жеңілдік – Маханов Али, Тараз қаласындағы IT лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
- 2 орын, Дулати университетінде оқу үшін 50% жеңілдік – Серікбай Ернұр,Тараз қаласындағы№53 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- 3 орын, Дулати колледжінде оқу үшін 50% жеңілдік:
- Разметов Эльдар, Тараз қаласындағы №40 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Тілектес Ақнұр Тілектесқызы, Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының9 сынып оқушысы;
- Дәрібай Қуаныш Алжанұлы, Тараз қаласындағы IT лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.
Олимпиада барысында Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Алуа Назарбекова және Дулати колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назира Ерен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіп, оқушыларға мамандық таңдау, оқу бағыттары мен ЖОО-ға түсу шарттары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
Олимпиада соңында Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев жеңімпаздарды марапаттап, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруда ерекше еңбек еткен, Спорттық бағдарламалау федерациясының Дулати университеті бойынша үйлестірушісі Жанна Шонгараеваға алғыс білдірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!