БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ 11.04
Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен ғылыми жоба жетекшілері мен жауапты орындаушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
Курсқа «Техникалық зерттеу және метрология орталығы» ЖШС-нің білікті мамандарының қатысты.

«Бір ауыл – бір өнім» жобалық көрмесі өтті 26.07.25 ж.
Университетімізде Ғылым және коммерцияландыру бөлімінің бастамасымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бір ауыл – бір өнім» жобалық тауарлар мен өнімдер көрмесі жоғары деңгейде өтті.
Көрме аясында жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін отандық және шетелдік нарыққа ұсыну мүмкіндігіне ие болып, бірқатар ауылдық өнімдер кең аудиторияға таныстырылды.
Іс-шараның ресми ашылу салтанатына университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Қазбекұлы Байжуманов пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы Календаров қатысып, жобаға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Көрменің маңызды сәттерінің бірі ретінде университеттің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) жобалары аясында ұйымдастырылған үш оқу курсын атап өтуге болады.
ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
21.07.25 ж. Университетте Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастамасымен маңызды кездесу өтті.

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПЦФ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ 01.07.2025 ж.
Университет қабырғасында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында іске асырылып жатқан жеті бағыт бойынша жарты жылдық есептік кездесу өтті.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ 27.06.25 ж
16–27 маусым аралығында университет қабырғасында «Текстиль және аяқ киім: бірегей бұйымдар жасаудың өнері» атты 72 академиялық сағатты қамтитын біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

КӘСІБИ ДАМУ КУРСЫ СӘТТІ ӨТТІ 27.06.25 ж.
16–27 маусым аралығында университетімізде нысаналы қаржыландыру бағдарламасы (ПЦФ) шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздары үшін кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған біліктілік курсы табысты өткізілді. Іс-шараны Ғылым және коммерцияландыру департаменті ұйымдастырды.
Курс «Қазақстанның су шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту мен басқаруға арналған ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжиниринг орталығын құру» жобасының аясында жүзеге асырылды.

ПЦФ ЖОБАЛАРЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
27.06.25 Университетімізде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларға арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге университет қабырғасында 7 түрлі бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ПЦФ жобаларының ғылыми жетекшілері мен жауапты ғалымдар қатысты.

ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 24.06.25
Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастамасымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында өңір кәсіпкерлеріне арналған оқу курстары ұйымдастырылды.
«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 09.06.2025 ж.
Дулати университеті мен Жамбыл облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында университет қабырғасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері мен кәсіпкерлеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

УНИВЕРСИТЕТТЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА АЛАҢ ИГЕРІЛЕДІ 16.05.25
Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен университет теңгеріміндегі стратегиялық маңызы бар жер телімін ғылыми мақсатта игеру бойынша кездесу өтті.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 06.05.25
Университетімізде кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамытуға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

НАНОИНЖЕНЕРЛІК ЗЕРТХАНАДА ХИМИЯЛЫҚ ВИЗУАЛИЗАЦИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ 30.04.25
Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» тақырыбында оқыту курсы аяқталды.

ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН СЕМИНАР ӨТТІ 2
Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары аясында Коммерцияландыру бөлімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) арналған семинар ұйымдастырды.

Семинар мақсаты — университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, жас ғалымдар мен зерттеушілерге ғылыми жобаларды әзірлеу арқылы жүзеге асыру және олардың нәтижелерін коммерцияландыру процесі бойынша теориялық және тәжірибелік білім беру.
Семинарды «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ғылым кандидаты Халипа Садиева жүргізді. Ол қатысушыларға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың теориялық негіздері, олардың экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы, сонымен қатар ғылыми идеяны іске асыру жолындағы басты кезеңдер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, Коммерцияландыру бөлімінің бас маманы Динара Казахбаева жоба жетекшілеріне «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) платформасында тіркелу тәртібін, жобаларды тіркеу алгоритмін және ҒЗТКЖ нәтижелерін тіркеу мен сараптамадан өткізу процесін жете түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылар алдағы гранттық конкурстарға жобаларын әзірлеуге, ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізуге және нарыққа бейімдеуге қатысты нақты мәліметтер алды. Сонымен қатар, ғылыми жобаларды тиімді басқару және ғылыми коммуникацияны дамыту мәселелері талқыланды.
МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 28.04.25
Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында жүзеге асып жатқан «Жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдарының сапа зертханасы» жобасы бойынша мамандармен кездесу өтті.

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ 25.04.25
Дулати университеті мен Жамбыл облысының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған бірлескен жобаны іске қосты. Бұл бастама екі жақ арасында 2024 жылы жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асуда.

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ 22.04.25
Университет қабырғасында «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнар Зияева университеттің ғылыми қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫНА ӨТІНІМ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 18.04
Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоба жетекшілері мен жауапты орындаушылардың қатысуымен ақпараттық-әдістемелік кездесу өтті.

Подробнее ...
ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ТАҒЫ БІР ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ! 13.04.
Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің сүйемелдеуімен «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Зияева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру байқауында 350 миллион теңгелік грантқа ие болды!
Жоба тақырыбы: «Қазақстанның оңтүстік аймағында құрғақшылыққа төзімді және жоғары өнімді құмай өсірудің агротехнологиясын одан әрі дәнді дақылдарға өңдей отырып енгізу».
Құмай – экологиялық тұрғыдан тиімді, құрғақ климатқа бейімделген, әрі ауыл шаруашылығында үлкен әлеуетке ие өсімдік. Бұл жобаның іске асуы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, агроөнеркәсіптік салаға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады.
Аталған жетістік университетіміздің ғылыми әлеуетін, зерттеушілеріміздің табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі!
Гүлнәр Керімбекқызын құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕС АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ 14.04
Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Толепбергенұлы мен Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Қайнарұлы арасында ресми кездесу өтті.

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 13.04
Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен нарықтың өзекті қажеттіліктері мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 7.04
Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастауымен 7-11 сәуірі аралығында Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ашылатын зертханаларды аккредитациялау мақсатында ғылыми жобалар жетекшілері мен жауапты орындаушылар үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

«ІС-ШАРАЛАР ХРОНИКАСЫ – 2024» АТТЫ КІТАПША ЖАРЫҚ КӨРДІ 26.03.25
Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен «Іс-шаралар хроникасы – 2024» атты кітапша жарық көрді.

Басылымның басты мақсаты – оқу ордамыздың ғылым мен инновацияны дамыту бағытындағы белсенділігін көрсету арқылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін талдау және жүйелеу. Ғалымдар мен кәсіпкерлер арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтып, университеттің коммерцияландыру саласындағы жетістіктерін насихаттау.
Бұл жинақ 2024 жылы ұйымдастырылған ғылым және коммерцияландыру бағытындағы іс-шаралардың толық хроникасын қамтиды. Кітапшада облыс көлемінде өткізілген жиындардан бастап, жыл бойы ұйымдастырылған кездесулер, дөңгелек үстелдер, кәсіпкерлермен кездесулер және екіжақты меморандумдарға дейін барлығы 23 іс-шараның материалдары топтастырылған.
«Іс-шаралар хроникасы – 2024» атты кітапша – университетіміздің ғылыми-инновациялық экожүйесін дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Ол болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және коммерцияландыру бағытында жаңа бастамаларды іске асыруға негіз болады.
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ СТАРТАПТАРДЫ ҚОЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӘЗІРЛЕНДІ 20.03.2025
Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен «Ғылыми– зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі туралы ереже» және «Стартап жобалар конкурсын ұйымдастыру ережесі» әзірленді.

Аталған ережелердің мақсаты – университетімізде жүзеге асырылатын ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, стартап жобаларды ұйымдастыру арқылы оларды дамыту.
Құжаттар университеттің ішкі нормативтік құжаты ретінде бекітіліп, барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысында қолданылатын болады. Аталған ережелер факультеттерде талқыланып, толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар жинақталды. Барлық ұсыныстар ескеріліп, ғылыми-техникалық кеңесте мақұлданды.
Алдағы уақытта бұл ережелер Ғылыми кеңестің қарауына ұсынылып, ресми түрде бекітілетін болады. Бұл бастама университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, жас зерттеушілер мен стартап жобаларды дамытуға үлкен серпін бермек.
