Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары

Биыл Кеңес Одағының Батыры, полковник, әскери жазушы Бауыржан Момышұлының Латын Америкасындағы бостандық аралы - Кубаға барған сапарына 60 жыл толды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталығына Әскери кафедраның оқытушысы майор Оңалбеков Құрманбек Әділбекұлы бастаған бір топ студенттер, анығырақ айтсақ, болашақ кіші командир сержанттар орталықтың аға ғылыми қызметкерінің "Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары" атты лекциясын тыңдауға  келді. Лекция соңында орталықтан дайындалған Фотоальбомдағы Бауыр жан Момышұлының Куба революциялық Қарулы Күштерінің министрі Рауль Кастро және тағы басқа жауынгерлермен түрлі сәтте түскен фотоқұжаттармен таныстырылды. Студенттер дәріс барысында Б.Момышұлының "Куба әсерлері" атты кітабынан: "Әскери қызмет дегеніміз - елдің әрбір дені сау азаматы үшін қасиетті және құрметті борыш..." деген қанатты сөзін тыңдап, өздеріне қажет көптеген мағлұматтар алды. Майор Құрманбек Әділбекұлы Бауыржан атамыздың кітабын бірнеше рет оқып шыққанын, сабақтарында мысалдар келтіріп отыратынын және кітаптан "Американың бостандық өлкесі Кубаға қош келіпсіздер!" деген жазуды испан тілінде айтып, бәрімізді таңғалдырды. Біздің ойымызда жүрген Баукең жүрген ізбен Кубаға бару, ондағы құжаттарды орталыққа әкелу туралы мәселе көтеру керек деген өз ойын айтты.

Дәріс соңында бір студент тұрып орталықтың жұмыстарына табыс тіледі.

06.12.2023 жыл. "Бауыржантану" ҒЗО.

2

Top