
24.11.2025 жылы «Экономика және құқық факультеті»
24.11.2025 жылы «Экономика және құқық факультеті», «Азаматтық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы Т.У. Махан ұйымдастыруымен 6В04214-Құқықтану және «6В04213-Азаматтық құқық және процесс» білім беру бағдарламасы бойынша, 4 курс студенттеріне Атқару өндірісі пәнінен «Жеке сот орындаушыларының мәртебесі» тақырыбында Жамбыл облысы өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының директор орынбасары жеке сот орындаушысы Пралиев Бақыт Меирбекович қатысумен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында Б.М. Пралиев студенттерге жеке сот орындаушының қызметі жайында кеңінен ақпарат берді, ашық сабақ тақырыбы студенттер арасында қызығушылық тудырды, топ студенттері жеке сот орындаушыға оның қызметі жайында көптеген сұрақтар қойып оның қызметі жайында қажетті ақпаратты алды. Ашық сабақ барысында жеке сот орындаушысының қызметі туралы алған ақпарат 4 курс студенттеріне келешекте өздерінің қызмет бағытын таңдауға ықпал етеді деп ойлаймын.
