«Құқықтану» мамандығында білім алушы студенттердің азаматтық заңнаманы меңгеруге деген ынтасын арттыру мен құқық нормаларын тәжірибеде қолдануға машықтандыру мақсатында 2024 жылдың 27-29 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, «Заң» факультетінің «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдер)» пәнінен университет аралық on-line олимпиада өткізілді және оған Қазақстан республикасының барлық ЖОО-ның «Құқықтану» бағыты бойынша білім алушы 1-4 курс студенттері қатысты.

Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Экономика және құқық» факультетінің «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сатылғанов Ержан Таңқашұлының жетекшілігімен 6В04214- «Құқықтану» БББ-ның студенттері қатысты. Олимпиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 6В04214-«Құқықтану» БББ-ның 3 курс студенті Сейілбек Жүніс Аманұлы жүлделі орынды иеленіп, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

жуныс кукык

Top