"Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "АҚ 2024 жылдың 04 сәуірінде "Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Бұл олимпиаданың мақсаты- Қазақстан Республикасы азаматтарын жас буынының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту болып табылады.

олимпиада куыкы1111

Бұл олипиадаға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, «Экономика және құқық» факультетінің, «Экономика және менеджмент» кафедрасының, 6В04118-21\3-«Бизнес экономикасы» оқу бағдарламасының 3 курс студенттері «DU ECONOMIC» командасы қатысты. Команда мүшелері: топ капитаны-Өмірәлі Нурия Жаннұрқызы және Кеңес Дариға Еркенқызы, Алтай Биназир Ерланқызы қатысты. Команданың ғылыми жетекшілері: э.ғ.к кандиты Ерсеитова Айгул Узакбаевна, РhDдокторы Абилдаев Султан Таласбайұлы.

Олимпиада онлайн өткізу форматынды жүргізілді. Ол екі кезеңде өткізілді:

1) Бірінші кезең-практикалық бөлім (тест сұрақтарын шешу);

2) Екінші кезең – "Жаңа экономика – болашақтың табысы"тақырыбындағы жобаны қорғау.

«DU ECONOMIC» командасының мүшелері бірінші кезеңде, тест сұрақтарын шешу арқылы, жоғары баллдарды жинаған болатын. Екінші кезеңде, "Жаңа экономика – болашақтың табысы" тақырыбындағы, «Сүт өнімдерін өндіретін өндірістің әлеуметтік жобасының бизнес жоспарын» қорғады.

Олимпиаданың нәтижелеріне келетін болсақ,М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің,«DU ECONOMIC» командасы 19 команданың ішінінен суырылып шығып, I дәрежелі дипломдармен мараппаталды.

олимпиада куыкык2222

 

 

Top