Салтанатты жиыннан соң 11-ші сынып түлектері өздерінің сынып кабинеттеріне барып, ата-аналарының қатысуымен соңғы бас қосуларын өткізді. Мектеп түлектерінің арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында соңғы қоңырауға университеттен арнайы барған философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Баярисов Режеп Уразбаевич әр сыныптың оқушыларына арнайы түрде жеке кіріп, оларды мектеп бітірулерімен университет атынан құттықтады. Баярисов Р.У. мектеп түлектеріне Дулати университетінде дайындалатын мамандықтар жайлы, университетте сонымен қатар әскери кафедраның бар екендігі және онда студенттердің әскери мамандықтар алып шыға алатындықтары жайлы айта келіп, оларды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне оқуға түсуге шақырды. Сонымен қатар сынып жетекшілеріне оқушылардың танысуы үшін университет дайындаған видеороликтер қалдырылды. Осылайша, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда соңғы қоңырау рәсімі университетіміздің болашақ студенттерінің қатарын көбейтуге бағытталған кәсіби бағдар жұмысын жүргізумен ұштастырылды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,
философия және саясаттану кафедрасының
аға оқытушысы Баярисов Режеп Уразбаевич