17 наурызда 6В04112 – "Бизнес менеджменті", 6В04114 – "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6В04128–"Менеджмент" білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттерімен "Наурыз мерекесі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Ұлттық киімдегі білім алушылар осы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, өлең оқып, музыкалық нөмірлер ұсынды. Сондай - ақ, екі байқау - "наурыз-көже дайындау" (екі команда осы мерекелік тағамды дайындау үшін қолданылатын ингредиенттерді таңдады) және "Бәйге"викторинасы өткізілді. Қонақтар өткізілген іс-шараға риза болды.