Қаржылық есептің халықаралық саясатына шолу

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕАҚ «Аудит және салық салу» бағытында жоғары білімді бакалавр және магистр мамандарын даярлаумен айналысатын ауқымды білім ордасы саналады.

Білім берудің заманауи ерекшеліктеріне байланысты «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығы мен 2020 жылы 23 желтоқсанда Директорлар кеңесімен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес студенттер тәрбиесі мен тәжірибесіне бағытталған оқытуды күшейту, атап айтқанда тәжірибелі мамандарды тарту, дуальді оқыту, кафедра филиалдары жүйесін дамыту қарастырылған, сәйкесінше дуальды білім беру элементтерін оқу процесіне енгізу аймақта жоғары білікті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлап шығару, әрі студенттер мен оқытушы құрамының білікті болуына ықпал ету барысында, тәжірибесі мол мамандардан іс жүзінде тәжірибелік дәріс алу, теория мен тәжірибе ортасын етене жақындату болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай бухгалтерлік есеп пен салық есебі халықаралық стандарттар бойынша жүргізілуде, сондықтан қыры мен сыры көп қаржылық есеп бойынша есептілік жүргізу саласында болып жатқан өзгерістер мен толықтыруларды меңгеру мақсатында, 2022 жылдың 05 мамыры, сағат 10-00 де, 2.6.319 аудиторияда «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы  М.Әбдіманаповтың «Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, және есеп жүргізу бағытындағы басқа да заңдылықтар» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысып, ұйымдастырушыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Студенттерді біліктілікке баулудың, заманауи маман етіп шығарудың жолындағы бірден-бір тәжірибелік мәні бар дәріс ретінде қабылданды, әрі тартымды өтті.

1

"Қаржы және есеп" кафедрасының аға оқытушысы М. Әбдіманапов

 

Top