Мектеп бітірушілеріне кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу университеттің оқу корпустары, кітапханалары, оқу-лабораториялары, факультет деканаты мен кафедраларды таныстырудан басталды. Таныстыру жұмыстарын «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к., кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты А.Молдабекова жүргізді. «Экономика және құқық» факультетінің деканы з.ғ.к. Қ.Ернишев, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент С.Қожабеков университет жайлы ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ кафедраның ғылыми жетістікке жеткен оқытушылары э.ғ.к., доценттер А.Молдабекова мен Д.Мұратова презентация жасап, ғылымдағы нәтижелері жайлы әңгімеледі. Факультеттің ғана емес, университеттің мақтанышы Президент степендиясының иегері «Қаржы» мамандығының 4-курс студенті Мәдина Нұрланқыз оқумен қатар, ғылыммен айналысудың қыр-сырлары туралы айтып берді.
Университеттің түлегі, «Экономика және бизнес» факультетінің студенттік деканы болған, бүгінгі күні «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖОФ-ның бөлім бастығы Мақсат Қамбаров та оқушылармен кездесіп, студенттік өмірдегі қоғамдық жұмыстармен, ғылыммен айналысудың қызық жақтарына тоқталып, жас жеткіншектер қойған сұрақтарға жауап берді.
Соңында викториналық сұрақтар ойыны ойнатылып дұрыс жауап берген оқушаларға сыйлықтар берілді.
«Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары 13 сәуір күні Тараз қаласындағы Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының бітіруші түлектерімен кездесті. Бұл мектепке де университеттің әртүрлі бағыттағы білім беру бағдарламаларымен қатар, ғылыми жетістіктері жайлы айтылды.
Жалпы мектепте 11-сыныпта барлығы 74 оқушы оқып, ҰБТ-ға дайындалуда. Оқушылар әртүрлі бағыттағы мамандықтарды таңдап отыр, әрине, көпшілігінің таңдағаны – физика-математика бағыттары.
Кафедра оқытушылары білім саласындағы реформаларға тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Арайлым Омар,
«Қаржы және есеп» кафедасының аға оқытушысы.