«МЕНЕДЖЕР» СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ

2021 жылдың 3 желтоқсанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менеджер» студенттік ғылыми үйірмесі аясында "Аймақтың өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы" атты ашық ғылыми семинар өтті. Ашық ғылыми семинарға 27-ге жуық мектеп оқушылары,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Менеджмент» кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Семинарды «Экономика және құқық» факультетінің деканы К.А. Ернішев сөз сөйлеп, ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сомен қатар «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Назикова сөз алып, семинарға қатысушылардың барлығына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, білім беру бағдарламалары мен семинарға қатысушыларға танымал түлектер туралы айтып, презентация өткізді.

1

Ғылыми семинарды «Менеджер» СҒҮ жетекшісі Байтиленова Е. С. жүргізді. Семинар барысында 15 баяндама тыңдалды, оның ішінде 10 студент «Менеджмент» кафедрасының мамандықтары және 5 оқушы: 11 "А" сынып, Жұмабаев атындағы 21 ОМ - 1, Жамбыл атындағы № 5 мектеп-гимназия – 1, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 1, 125 Education academy, жеке мектеп - 1. Баяндама жасаған соң «Менеджмент» кафедрасының ПОҚ шешімімен «Менеджер» студенттік ғылыми үйірмесі аясында «Аймақтың өңдеу өнеркәсібінің даму перспективалары» атты ашық ғылыми семинардың соңында мектеп оқушылары алғыс хаттармен, ал үйірме қатысушылары грамоталармен марапатталды.

2

 

Top