«Менің жетістіктерім –менің нәтижелерім» ашық кураторлық сағаты өтті

2025 жылдың 16 мамыр күні М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, «Технологиялық» факультетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары доцент Рахманова Ж.С., аға оқытушы Касымова Ғ.А., PhD докторы Демеуова Г.Б. ұйымдастырумен 6В07211 - "Инновациялық текстиль", 6В07511 -«Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», 6В07116 - “Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы” білім беру бағдарламалары топтарының «Менің жетістіктерім –менің нәтижелерім» ашық кураторлық сағаты өтті.

Іс шараға еркін күрестен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының 2 дүркін қола жүлдегері, 2025 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, 2025 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы Қалжан Рахат, еркін күрестен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының жүлдегері, Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, 2024 жылғы Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ергеш Даулет, еркін күрестен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының қола жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, 2025 жылы Қазақстанның чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Садық Нұрсұлтан шақырылды.

Спорсмендер спорт саласына келу кезеңдерінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері мен қиындықтарын, алға қойған арман мақсаттарын, бастарынан өткен қызықты оқиғаларды сұқбат барысында айтып жеткізді.

Әлемдік ареналарда жеңіп алған жүлделер ел мерейін үстем етуге септігін тигізетіні шын. Спортшыларымыз халықаралық ірі додаларда топ жарған кезде бөркімізді аспанға атып қуанатынымыз осының дәлелі. Қонақтарға студенттер әртүрлі қызығушылықсұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қызығушылық, жауапкершілік, табандылық, талпыныс, мақсат қою, шыдамдылық, қайсарлық т.б. қасиеттер болуы керек екенін қонақтарымыз жауап беру барысында атап айтты.

Іс шара өте қызық әсерлі болды.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Доцент Рахманова Ж.С.

тех1111

тех2222

 

Top