Дөңгелек үстелдің мақсаты: 6В07222 – «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары», 6В07116 – «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы» және т.б. білім беру бағдарламаларын танымал ету.
Іс-шараныТехнология факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Садибаев А.Қ құттықтау сөзімен ашты. Факультет деканы жоғарыда аталған мамандықтардың ерекшелігіне тоқталып, техникалық мамандықтарға түсу ерекшеліктерін атап өтті. Іс-шара модераторы PhD, доцент м.а Г.Б. Джумабекова аяқ киім және былғары бұйымдарының модельдеу мен өндірісі туралы баяндап, «Технолог» студенттік ғылыми үйірмесінің қызметі мен жетістіктері туралы презентация жасады..
Эссе байқауына 30-дан астам жұмыс келіп түсті. Байқау шарты бойынша мектеп оқушылары мен колледж студенттері болашақ мамандығын таңдаудағы мақсаттары мен армандарын баяндайтын эсселерін баяндады.Эссе байқауында: Ә. Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің, А.Пушкин атындағы №41 мектеп-гимназияның, №25 орта мектептің, №47 орта мектептің, №66 орта мектептің, №67 «Жайлы мектептің» және т.б. оқушылары баяндама жасады. ZOOM платформасында Байзақ, Сарысу ауданындарының мектеп оқушылары белсене қатысты. Мектеп оқушыларының үздік шығармалары дипломдармен және қатысушының сертификаттарымен марапатталды.
Кафедра оқытушылары: т.т.м., аға оқытушы Юсупова Л.Х. және т.т.м., оқытушы Байдильева А.Қ. іс-шараның өтуіне белсенді ат салысып, мектеп оқушыларына «Технолог» үйірмесінің мүшелерінің жетістіктері туралы баяндап берді. Олар Эразмус+ халықаралық жобасымен қатысушалрды таныстырды. Зертхана меңгерушісі Бурдеева кафедраның С.Н. «Shoes Centre» и «REILEAP» орталықтарына, оқу кабинеттері мен зертханалық нысандарға экскурсия жүргізді.
«Текстиль,материалтану және стандартизация» каферасының PhD, доцент м.а. Джумабекова Г.Б.