Әлеуметтік жұмыс басқармасының психологы Ш.Б.Бүйембаева және Дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев №1 жатақхана студенттеріне қоғамдағы жастардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін ойынқұмарлық және діни экстремизм көріністерін алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дінтанушы Б.Алпысбаев өз баяндамасында «Дінді ұстай алсан қасиетін, ұстай алмасаң қасіретің» деген қағидаға сәйкес жастардың дәстүрлі діни сауаттылығы жоғары болуы қажеттілігін атап өтсе, ал психолог Ш.Бүйембаева «ойынға ойсыз құмар» дегендей ойын құмарлық (лудомания) бүгінгі қоғам дерті және жастардың ойын құмардан қалай сақтану керек екендігі туралы психологиялық кеңес берді.
Білімгерлер көптеген пайдалы мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.