Медициналық қызметкерлермен кездесу.

Алғашқы медициналық жәрдем — тікелей зақым ошағыңдағы халықтың өзіне-өзі немесе өзара көмек көрсету тәртібімен, санитариялық жасақтар, зақым ошағын жоюға қатысқан азаматтық қорғаныс жасақтарының адам құрамы, сондай-ақ сау қалған емдік-профилактикалық мекемелердің қызметкерлері көрсететін көмек.

Студенттерге алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру мақсатында, желтоқсан айының 4 жұлдызында ЖШС «Almaz Medical Group» педагог-психологы Б.Б.Сарыбаева және Жамбыл облыстық «Қызыл ай» қоғамының жастармен жұмыс жасау маманы Қ.Бакеева Дулати университетінің, Технологиялық факультетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында медициналық қызметкерлер тарапынан көмек көрсету амалдарымен, көптеген мысалдарымен білімгердерді қызықтырды. Студенттер көптен мазалаған сұрақтарға жауап алды.

Кездесуді ұйымдастырған кафедра оқытушылары; Л.Х.Юсупова, А.К.Байдильдаева, Г.Б.Джумабекова, Б.Абзалбекулы, Г.А.Касымова, Ж.С.Рахманова.

мед тезх11111

мед тех22222

медткх3333

 

Top