Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби кеш

«Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің негізгі мақсаты - жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу, жазушы шығармаларының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, шығармаларды нақышына келтіріп оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту.

2

Кеш барысында 4-курс студенттері Эльмира Саткожаева және Ерсұлтан Тілеуберген Ғ. Мұстафиннің өмірі мен жазушылық шығармашылығы туралы тың деректерге шолу жасап, «Шығанақ Берсиев» атты деректі фильмді көпшілікке ұсынды.
Әнель Үшкемпір, Аружан Жеткергенова жазушының бірнеше шығармаларығына тоқталса, «Жауқазын буынға хат» әңгімесінен Аяжан Құлмаханбетова үзінді оқыды.
Ана тілін ардақ тұтатын әрбір буын әдебиетімізге философиялық тың туындыларды тарту еткен. Соның ішінде халық өмірінен сыр шертетін дүниелерді жырлап ел жағдайын жеткізген. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған халық жазушы – Ғабиден Мұстафиннің туындыларынан келешек ұрпақ бойына дарытып, өмір жолында пайдаланады.

«Химия және химиялық технология»
кафедрасының қауымдастырылған
професоры, т.ғ.к.,
Сейтбекова Гульназия Аташбековна

Top