«Ұлт тілін ұлықтаған» М.Шахановқа арналған дөңгелек үстел

Желтоқсан айының 8 жұлдызында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының кураторлары (Байдильдаева А.К., Онлабекова А.Т., Айтоқпақ С.С., Халметова Ш.Т.) бастамасымен университеттің Тәуелсіздік залында «Ұлт тілін ұлықтаған» атты тақырыбында М.Шахановтың 80 жасқа толуына орай факультет деңгейінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов – қазақтың біртуар көрнекті ақыны, драматургі.  Қазақстан халық жазушысы - еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен тұлға. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт тілін ұлықтаған» атты дөңгелек үстелде 6В07222-21, 6В07511-21, 6В07511-20, 6В07211-20 топтарының студенттері ақын туралы презентация қорғап, «Мені неге Мұхтар қойған», «Бақыт геометриясы», «Достық өлкесінің заңы» және «Желтоқсан алаңы» өлеңдерін оқыды, «Отырар» дастанына режиссер Батырхан Дәуренбековтың түсірген мультфильміне шолу жасап, өз ой-пікірлерін білдірді.

2

Оқытушы Байдильдаева А.К.

Top