«Бақытты шаңырақ-бақытты ел» тақырыбында ашық дөңгелек үстел

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.

Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. 7 қазан күні, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Рахманова Ж.С., Айтоқпақ С.С., Ораз Г.Т., Кембаев Н.А. «Бақытты шаңырақ-бақытты ел» тақырыбында ашық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сабақ барысында студенттер бірнеше доклад оқып, өз ойларымен бөлісті. 2-ші курс студенті Әзімбек Б.: «Жанұя - қос жүректің одағы.Жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік қаншалықты мықты болса, қоғамның діңгегі де соншалықты берік болары сөзсіз. Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас»

Ата-ананың арасындағы татулық, силастық байланыс балаға өтеді. Ал бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады. Отбасылық тәртіп имандылыққа құрылған жанұя жоқшылық, тапшылықтың өзін нығметке айналдыра алады. Сол себепті балаға, әуелі, жоқшылық арқылы өмір қиыншылығын жеңудің амалын үйрету керек. Балаларына ешқандай ауыртпалық үйретпеу ол қателік. Ауыртпалық көрмеген бала өзгенің көмегіне сенім артатын, өз мүмкіндігін пайдалана алмайтын күйге түседі. Жақсы жанұя бақыттың отаны-деп келген қонағымыз Қасымова Ғ.А. сабақты сөзімен аяқтады.

WhatsApp Image 2022 12 01 at 16.07.50

WhatsApp Image 2022 12 01 at 16.07.501

Top