«ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ» МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

«Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс 6В05314-Химия білім беру бағдарламсының студенттерінің ұйымдастыруымен аты аңызға айналған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ұлықтау, өнеге ету, жастардың патриоттық сезімін ояту, Отан сүйгіштікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қаһарман қызы қазақтың» атты шара өткізілді.

Шараның өту барысында 3-курс студенттері Елемес Жансая және Бегалы Мерей Мәншүктің  балалық шағы, майдан даласындағы ерлігі туралы тың деректерге  шолу жасалып,  «Үзілген моншақ» атты деректі фильм көрсетілді.

Ерімбетова Салима Мәншүктің майдан даласында анасына жазған сағыныш хаттарынан  үзінділерді  театрландырған қойылыммен ұсынды.

Көпшіліктің назарына Генерал Галицкийдің рөлін Қосанов Нұрсұлтан, подполковник Баймолдин рөлін Досбергенов Нұрдәулет сомдаған «Мәншүктің жұлдызды сәті» атты тағы бір шағын көрініс ұсынылды. Қан майданда фа­шис­тік Германияға қарсы тұрған отанд­ас-­
­­тарының қатарында болған және өш­пес ерлікпен дараланған Мәншүк Мәме­тованың рөлін бейнелеген Қанжан Аяулым көпшілікті тәнті етті.

Кеш соңында әскери киім киген жас сарбаздар пат­риот­тық әндер орындап, батыр қыздың есімін асқақтату арқылы өздерінің де туған елі мен өскен жеріне адал қызмет етуге дайын екендіктерін көрсетті.

Осындай қазақ халқының біртуар қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың ерлік істерін қастерлеу, даңқты есімін ардақтау мақсатында өтікізілген бұл шараның жастардың рухани қалыптасуына  үлкен үлес қосады деген сенімдеміз!

2

3

4

«Химия және химиялық технология»
кафедрасының қауымдастырылған
професоры, т.ғ.к.,
Сейтбекова Гульназия Аташбековна

Top