Тараз өңірлік университетінің студенттері дін өкілдерімен кездесті

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технология факультетінде экстремизм мен терроризм алдын алу және жастарға рухани адамгершілік тәрбие беру мақсатында “һибатулла атындағы Тараз орталық мешіт, медресесінің найб имамы Бақытұлы Нұралы және Әліұлы Сәкен Биология мамандығының студенттерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты студент жастардың тура жолдан таймай, түрлі бүлікшіл ұйымдардың жетегінде кетіп адасуынан сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Кездесу барысында орталық маманы теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер зауалын айтып берді. Сондай-ақ кездесуде “Қолданбалы биология” кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Керімбекқызы, аға тәлімгер Гулшат Бөленқызы және кафедраның аға оқытушылары Гүлнар Қуанышбекқызы, Гүлчехра Тұңғышқызы, Сәуле Достайқызы өз ойларын ортаға салып, пікіралмасу өткізді. Кездесу соңында студент жастар дін ғалымдарына сұрақтар қойып пікір алмасты.

 2

Top