Рухани байлық – тәрбие негізі

3 қараша кұні Мұхтар Әуезов атындағы Алматы театры өзінің ең үздік қойылымдарының бірі - "Қоштасқым келмейді" драмасын киелі Тараз қаласының тұрғындарына ұсынды.

«Қоштасқым келмейді» драмасының авторы - А. Володин, аударған: А. Маемиров.  Драманың негізгі сюжеті -некелерін бұзуға сотқа келген киепкерлерді татуластырмаққа судья барын салмақ болады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған... Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Бұл драманың авторы негізгі отбасылық өмірдің мәні мен проблемасын көрсеткісі келген....

Осы қойылымды тамашалауға кафедраның оқытушылары Юсупова Л.Х., Байдильдаева А.К. және «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» мамандыңының студенттері барды.

WhatsApp Image 2022 10 04 at 14.22.33

Top