Шара барысында қатысушылар көрнекті тұлғамыздың өмірбаянынан қызықты деректермен бөлісті, оның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалады, өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.Мәселен, ол – ең бірінші,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуынакөп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе»оқулығының авторы, екіншіден, қазақтыңәлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.
Білімгерлердің пайымдауынша, ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ зиялылары сол қиын да қайшылықты жағдайда қыруар істер атқара білді және ондаған жылдардан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болатынын болжай алды. Біздің міндетіміз – А.Байтұрсынұлы мұрасын Еуразия кеңістігінің ішінде және одан тыс жерлерде насихаттау.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған
профессоры, т.ғ.к., Сейтбекова Гульназия Аташбековна