Отбасы - тәрбие көзі

2022 жылдың 23-ші қыркүйегінде Отбасы күніне орай «Отбасы - тәрбие көзі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және топ кураторы химия магистрі Кантарбаева Сауле Мейрхановнаның қатысуымен ашық куратор сағаты өткізілді. Іс-шараға – «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі м.а. PhD Матниязова Гульсим Кадыржановна және профессор-оқытушылар құрамы, топ кураторлары мен студенттер қатысты.

Ашық куратор сағатының мақсаты студенттерді адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулуға және қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі м.а. Гүлсім Кадыржановна тәрбиелік шараны ашу үшін сөз кезегін алды. Сөз сөйлеу барысында отбасы-адам баласының  түп  қазығы,  алтын  ұясы, отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам екенін айтты.  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деп Әбунасыр әл-Фараби екендігін айтып, студенттерге алғашқы ашық сағатына сәттілік тіледі.

Ашық сабақ барысында қатысушылар назарына бейне материал мен презентация ұсынылды және тақырып бойынша баяндама оқылды. Ашық сабақ тақырыбы бойынша түрлі кроссвордтар шешілді. 1 курс студенті Аманова Балжан өзінің «Ана» туралы өлең жолдарын оқыды.

 5289526918703596469 121

23.09.2022

Топ кураторы
«Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы,
химия магистрі Кантарбаева С.М.

Top