М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2022-2023 оқу жылының әр жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен мұражайға экскурсия жургізілді.
Экскурсияның мақсаты студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.
Таныстыру жұмыстарын музей қызметкері Қалабаева Ақсауле Тортаевна жүргізді. Университтің бас ғимаратындағы музей 6 залдан тұрады. М.Х. Дулатидың өмірбаяны мен университеттің тарихын, университетті басқарған ректорлардың жасаған жұмыстарын, музейге ескерткіш ретінде тапсырған сыйларын, жазған еңбектерін және музей жәдігерлерімен таныстырып, олардың қолданылу уақытын, тарихын баяндады. Университетімізде оқып жатқан және бітіріп кеткен түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғылым және спорт жеңімпаздары туралы ақпараттар да көп екен. Қолданыстағы болған түрлі заттармен, әшекей бұйымдар, түрлі ыдыстар, дәрі сақтайтын және иіс су немесе әтір құятын ыдыстар, т.б. бұйымдар жетерлік.
Студенттерді тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шараларды жүргізудің маңызы зор.
6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс топ кураторы,
«Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы,
химия магистрі Кантарбаева С.М.