Еліміздің ендігі даму бағдары
Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Ал саяси жаңғырулар экономикалық оң өзгерістерге әкелері сөзсіз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Әділетті Қазақстанда біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы тиісті екенін айқындап берді. Мемлекет басшысы атап көрсеткен еліміздің алдағы даму бағдары, нақты стратегиялық жоспарлар қандай? Текстиль, материалтану және стандартизация кафедрасында өткен «Отанымыз бар, ол Қазақстан» атты дөңгелек үстел отырысында осы мәселелер талқыланды.
Жиында кафедраның аға кураторы Г. Қасымова ашып, Жолдауда көрініс тапқан бірқатар ауыз толтырып айтатындай, оң өзгерістерді атап өтті. Кафедраның доценті т.ғ.к. Ж. Рахманова баяндама (презентация) жасады. Кафедра оқытушылары арасында өзара пікір-таластар айтылды. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі т.ғ.к. доцент М.Шардарбек қорытынды сөз сөйледі.