М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында 2021 жылдың 19 қарашасында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында кезекті ғылыми-әдістемелік семинар жалғасын тапты.
Бұл семинарда «Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбы жан-жақты қамтылды. Ғылыми – әдістемелік семинарды PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Нурлыбаева Айша Нурлыбаевна арнайы дайындалған баяндама және презентациялық материалдарды пайдалана отырып жүргізді.
Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – болашақ мамандарды даярлауда тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығын көрсету, сонымен қатар, болашақ мамандардың құзыреттілігін, кәсіби және тәжірибелік дағдыларын арттырудың тиімді әдістерімен таныстыру.
Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы химия магистрі
Мамешова Саят Әлішеріқызы