Кәсіби бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, кеңес айту үлкен маңызға ие.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті облыс және қала мектептерінің бітіруші түлектерімен үнемі байланыс жасауда.
2021 жылдың 29 қазан айында Тараз қаласы Ш. Смаханұлы атындағы № 44 орта мектеп және С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Технологиялық факультеттің «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналасу жұмыстары бойынша жауапты аға оқытушы М.Ш. Гаражаев «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Кенжеходжаев М.Д. және доцент м.а. Садыбаев А.К., № 44 орта мектебінің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ерғали Айман Ерғалиқызы, № 10 орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжетаева Гульжайна Турлыбековнаның қатысуымен 10-11 сынып түлектерімен кездесу жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – бітіруші түлектерге университетті саналы және дұрыс таңдауына көмектесу. Кездесу барысында мектеп оқушылары мамандыққа түсудің жаңа ережелерімен, сондай-ақ кафедраның, студенттердің тарихы мен жетістіктерімен таныстырылды.
Бітіруші мектеп түлектеріне мамандықтар және мобильділік, спорттық-мәдени бағыттар бойынша бейне-баян көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
Оқушылар кәсіби бағдар беру бойынша өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды.
«Тамақ өндірісі және биотехнология»
кафедрасының оқытушысы,
магистр Маратқызы Нәркес