ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2021 жылдың 23 қыркүйегінде М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар жұмысына кафедраның барлық профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.

Ғылыми-әдістемелік семинарда т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешқызы «Пандемия жағдайында онлайн режимде химияны оқытуда студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың формалары мен әдістері» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Масалимова Бақытгүл Қабыкенқызы, ардагер ұстаз, т.ғ.к., профессор Шолақ Әбдіғали Әбілдаұлы тақырып төңірегінде өздерінің ой-толғамдарын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.  

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты - пандемия жағдайында онлайн режимде химияны оқытуда студенттердің танымдық белсенділігін арттыруда әртүрлі әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыру арқылы оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін арттыру, өзара тəжірибе алмасуын ұйымдастыру жəне жас оқытушылардың кəсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Семинар жұмысы өте мазмұнды, пайдалы ақпараттарға толы өтті.

«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы
химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы

Top