Кездесуге қатысқандар топ кураторлары Алтынбекова Д.Т., Мурзакасымова Н.С., Наурызкулова С.М., кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және кездесу қонақтары «Қылмыстық кодекс және процестер» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Сүгірбеков Серік Ізбасарұлы, сонымен бірге «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманова Айгуль Тұрсынбайқызы.
Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен мәндеттерәмен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында Серік Ізбасарұлы «18-жасқа толмаған студенттердің құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік құқық бұзушылық туралы толық мағлұмат беріп, ата-аналар мен студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар кездесу барысында «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Айгуль Тұрсынбайқызы студенттерді ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу аясында бірқатар қажетті мағлұматтар беріп өтті.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы,
химия магистрі Мурзакасымова Назгуль Саттарқұлқызы