4 КУРС СТУДЕНТІ САТЫБАЛДЫ АЯНА «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ-2021» ДЕП ТАНЫЛДЫ

Жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми-зерттеу жұмысында, шығармашылықта, студенттік өзін-өзі басқаруда, спортта белсенді қатысқан студенттерді анықтау және ынталандыру және ғылым мен білімді дамыту үшін ортақ біріктіруші алаң құруды мақсат еткен жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 5В072800-Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығының 4 курс студенті Сатыбалды Аяна «ТМД-ның үздік студенті-2021» деп танылды.
Байқау биылғы білім мен біліктілік бәсекесі әлем жұртшылығын әбігерге салған жұқпалы дерттен қорғанудың сақтық шараларына сәйкес қашықтан жүргізіліп, нәтижесінде 700 студенттің ішінен таңдаулы жүз үздіктің бірі болды.

ТМД студенттерінің ынтымақтастығын қалыптастыру жобасына Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және т. б. ең үздік студенттері қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша Сатыбалды Аяна (ғылыми жетекшісі PhD доктор, доцент м.а. А.С. Боранкулова) төсбелгімен, куәлікпен, І дәрежелі дипломмен марапатталды және "Талантты жастар энциклопедиясы" Республикалық студенттік кітап топтамасының үздік студенттерінің IIІ жинағына енді, ал ғылыми жетекшісі Алғыс хатқа ие болды.

Енді болашағынан үлкен үміт күттіретін студентіміздің жемісті жетістіктерімен қалың жұртшылық «ТМД-ның үздік студенті – 2021» атты халықаралық кітапты оқу арқылы жан-жақты таныса алады. Бұл құрметті жинаққа еліміздегі республика көлеміндегі жоғары оқу орындары және колледж студенттері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалар мен конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, еліміздің ұлттық құрама мүшелері, спорттық олимпиадалар мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған таңдаулы тұлғалардың есімдері енгізілетіндігін айрықша атап айтқанымыз абзал.

Top