«ЭТАНДЫ ЭТИЛЕНГЕ ТОТЫҚТЫРА ДЕГИДРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН МОЛИБДЕНҚҰРАМДЫ КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ЖАСАУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін, 8 маусым 2021 жылы «Химия және химиялық технология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған отырыста 6D060600-«Химия» мамандығының докторанты Шораева Камшат Абитханқызының «Этанды этиленге тотықтыра дегидрлеуге арналған молибденқұрамды катализаторларды жасау» тақырыбындағы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертациясы тыңдалды. Ғылыми кеңесші: химия ғылымдарының кандидаты, профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна,шетелдік ғылыми кеңесші: химия ғылымдарының докторы, профессор Садыков Владислав Александрович.

Кеңейтілген отырысқа 30 жуық профессор-оқытушы құрамы мен 1,2,3 курс докторанттары қатысты.Кафедрада өткізілген кеңейтілген отырыс нәтижесінде Шораева Камшат Абитханқызының Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертациялық жұмысының қорғаудың алдындағы баяндамасына 2 оң пікір берілді.

Т.ғ.к., доцент Шолақ А.А., т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Р.Б., PhD Матниязова Г.К., аға оқытушы Баданова Р.Р. докторантқа сәттілік тілеп, докторлық диссертацияны қорғауға жіберуге ұсыныс жасады.

Докторлық диссертациялық жұмыстың нәтижелері Қазақстан Республикасында катализ, экология және жасыл химияның теориялық мәселелерін кеңінен шешуге мүмкіндік береді.

Г.Б.Мадимарова
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының оқытушысы

Top