Г.Б.Мадимарова
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының оқытушысы
Дулати университеті, технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының жас зерттеушілері әрдайым ізденіс үстінде, білімге құштар жандар. Бұған дәлел, жақында еліміздің қара шаңырағы атанған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Химия» (бакалавриат) бағытындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурсында, кафедраның 4 курс студенті Сапи Аружан Қанатқызы ғылыми жетекшісі, х.ғ.к., ассоцирленген профессор Б.К.Масалимованың жетекшілігімен «С1-СЗ көмiрсутек фракцияларының пайдалы өнiмдерге дейiн трансформациялануына табиғи сазбалшық негiзiндегi катализаторларды синтездеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ҚР БҒМ 2-дәрежелі дипломымен марапатталды. Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі! Ғылым саласына қосқан елеулі үлестері болған жеңістерімен жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Г.Б.Мадимарова
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының оқытушысы