ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «5В073300- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы бойынша Алматы технологиялық университетінде 2021 жылдың сәуір айының 08-09 күндері өткен республикалық онлайн пәндік олимпиадаға 5В073300- «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығының 3 курс студенттері Үйсін Гауһар Темурқызы, Сейдалы Жансая Мамырқызы, Әзімбек Кәмилә Ибрагимқызықатысты.Жетекшілері «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» кафедрасының доцент м.а., PhD Маханбеталиева Камшат Торгайбаевна.

 Республикалық онлайн олимпиадада студенттеріміз «Текстильді материалтану» және «Текстиль өндірісінің технологиясы» пәндерінен ғылыми бағытта жазылған реферат жазды. Сонымен қатар жоғарыда аталған пәндерден тест тапсырып, тәжірибелік сабақтардан есептер шығарып, сайысқа түсті. Команда бойынша студенттеріміз жүлделі II орынды иеленді. Жеке біріншілікте Үйсін Гауһар Темурқызы, Сейдалы Жансая Мамырқызы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Студенттерімізге ғылым жолында сәттілік тілейміз!

Toshiba Music Place.lnk

Top