Кездесудің басты қонақтары қалалық №8 Мейірім емханасының дәрігері Раушан Ержанқызы, Дулати университетінің медбикелері А.К.Асанова, А.Шайдозымова, сондай-ақ, «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 1-3 курс студенттері.
Жас ұрпақты салауатты өмір сүруге дағдыландыру, спортқа деген қызығушылықтарын тудыру, жұқпалы аурулардың алдын-алу, дені сау, салауатты ұрпақ қалыптастыруға тәрбиелеу қазіргі таңдағы басты міндет.
Ақ халатты абзал жандарымыз спорт- салауатты өмір сүрудің бірден-бір кепілі, еліміздегі пандемия жағдайында аса қырағылық, тәртіп пен тазалық шарттарының орындалуы бірінші кезекте екендігін кесіп айтты. Жұқпалы ауру түрлері, олардың алдын-алу, шымыр болудың түрлі әдіс-тәсілдері жайлы толық ақпараттар келтірілген бұл кездесудің жас буынға берері мол, септігі зор.
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы
С.М.Кантарбаева