ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ

Ағымдағы жылдың 29 наурызы күні Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасы 6В05314 – Химия мамандығының 1 курс студенттері мен топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызының ұйымдастыруымен заманының «ХХ ғасырдың Гомері» атанған, жыр дүлділі, ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында факультет деңгейінде, ZOOM платформасында ашық куратор сағаты өткізілді. Іс-шараға тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Анарова Ғайни Серікқызы, кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 6В05314 – Химия мамандығының 1 курс студенттері мен топ кураторы С.А. Мамешова қатысты. Шара барысында топ студенттері Тоқмахамбет Ақназ бен Нұрқұл Мейірім «Ғасыр ғұмырлы – ғажап ақын» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар топ студенттері Бахтиярқызы Диана, Дәулет Аружан, Саябай Аяжан, Серікбаева Жазира, Бельякова Дарья, Инкарбек Улбала, Красник Владислав, Үшкемпір Аяулым, Хидирбекова Мадина, Қуанышбекова Азиза және Әуесхан Ағарыс қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Отанды сүй», «Халық қазынасы», «Алатау», «Халықтың сәлемі», «Сырттанға», «Атаның әлдиі», «Өсиет» және «Ленинградтық өрендерім» сияқты бір қатар өлеңдері мен жыр жолдарын нақышына келтіре оқыды. Іс-шара соңында Жамбыл Жабаевқа арнау атты бейне фильм қатысушылар назарына ұсынылды. Ұйымдастырылған шара болашақ мамандар - студент жастардың өмірлік ұстанымдары мен тұлғалық дамулары үшін тағылымы мен танымдық, тәрбиелік мақсаты зор іс-шара болды.

Top