Салтанатты іс-шараның басты мақсаты студенттерге еліміздің әлемдік аренадағы ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Ел ішіндегі бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық, бір шаңырақ астындағы ұлттар мен ұлыстар, ассамблея, татулық, достық құндылықтарын дәріптеу, оларды студенттер бойына дарыту. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы идеяларын, ұлтаралық татулық, достық, туған жерді, елді сүюге студенттерді тәрбиелеу.
Алғаш сөз кезегін «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Д.Д. Кульбаева алып, «Қазақстан-көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз –ынтымағы жарасқан елміз»-деп, жылы лебізін білдірді. Осы орайда, Нұрсұлтан Әбішұлының «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» деген ғибратты сөздері өте орынды.
«Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластық, құрмет, парасаттылық пен имандылықтың айғағы- тәуелсіз мемлекетімізде, ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен, қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болсын!»- деген ұйымдастырушының сөздерімен жиын өз мәресіне жетті.
С.М. Кантарбаева
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы