УНИВЕРСИТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

«Технологиялық» факультетімен «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің 1 курс студенттерін 2021 жылдың ақпан айының 4 жұлдызында «Туризм және сервис» кафедрасының Гид мектебінің жетекшілері т.ғ.к., доцент Жапсарбеков Ғ.П. және аға оқытушы Дуйсембаева А.Т., 1 курс «Туристік бизнес» кураторы Исмаилова Ж.Ж. және «Мейрамхана бизнесі» мамандығының кураторы Сулейман С.Н. Тараз өңірлік университетінің мұражайына және технологиялық ғимараттың оқу залы, кітапханасына танымдық экскурсия жүргізді. Экскурсия кезінде білімгерлер өздеріне қажетті мәліметтер алды.

Дулати университетінің мұражайында 1 курс білімгерлері университететінің тарихына қол жеткізген жетістіктерімен таныстырылды және көптеген қажетті мағлұматтар алды.

Дулати университетенің электрондық кітап қорларымен және интернет желісі арқылы lip.tarsu.kz сайтымен таныстырды.

lip.tarsu.kz сайты арқылы қажетті электрондық кітаптарды тауып, сол кітаптармен жұмыс істеуді үйретті.

 

 

«Туризм және сервис» кафедрасының

аға оқытушысы Дуйсембаева А.Т.

1 курс кураторы Исмаилова Ж.Ж.

Top