Super User

Super User

Сейсенбі, 19 Наурыз 2024 00:25

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАР

 «А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы

«Спектрофотометрия зертханасы»

«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»

«Хроматографиялық зертхана»

«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»

Гранттық қаржыландыру есебінен ашылған зертханалар

«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»

«Суды тазарту және материалдар»

ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ БОЙЫНША КОНКУРС

Жыл сайын оқытушы-зерттеуші біліктілігін беру бойынша конкурс өткізілетің болады. 2024 жылы байқау сәуір айында өтеді. Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 14 қарашадағы №5 хаттамасымен "оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын беру ережесі бекітілді. Конкурсқа қатысу үшін Ережеде көрсетілген талаптарға сай болу және қажетті құжаттарды ұсыну қажет.

  1. "Оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын алған оқытушылар
  2. Оқытушы-зерттеушілердің есептері
  3. Оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын беру ережесі
  4. Өтініш берудегі құжаттар тізімі
Сейсенбі, 19 Наурыз 2024 00:21

ЖАРИЯЛАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІ

2016 жылдан 2024 жылға дейін ЖОО ғалымдары 193 монография дайындады және жариялады, оның ішінде 40 - ы шетелдік ғылыми басылымдарда, 13265-і ғылыми мақалалар мен баяндамалар, оның ішінде 1067-і рейтингтік журналдарда.

 

Соңғы бес жылда Scopus (Elsevier) және Web of Science (Clarivate Analytics) дерекқорларына кіретін журналдардағы жарияланымдар саны 414 бірлікті құрады. 2024 жылдың желтоқсанында Scopus (Elsevier) дерекқорында 762 мақала бар. Web of Science - те (Clarivate Analytics) 268 мақала және 878 дәйексөз бар.

Scopus және WoS базасында 2021 жылы 67, 2022 жылы – 105, 2023 жылы – 75 және 2024 жылы – 103 басылым жарық көрді

 

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институты 2022 жылы университет ғалымдарына 11 патент және 39 өнертабысқа авторлық куәлік берді. 2023 жылы 35 патент және 49 авторлық куәлік. 2024 жылы 7 патент және 31 авторлық куәлік.  Жалпы, университеттің патенттік базасы 1998 жылдан бастап 850-ден астам қорғау құжаттарын қамтиды.

Scopus (Elsevier) және Web of Science мақалалары тізімі

Монографиялар тізімі

Патенттер/Авторлық куәліктер тізімі

Жоғары рейтингті мақалаларды жариялау бойынша ақпарат

Монография шығару тәртібі туралы ереже

Ғылыми еңбектер тізімін рәсімдеу үлгісі

Дулати Университетінің Журналдары

Ұсынылған және рецензияланатын журналдардың тізімі

Халықаралық және ұлттық рейтинг

Сейсенбі, 19 Наурыз 2024 00:17

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары 1 ғылыми-зерттеу институтында, 8 орталықта, инженерлік зертханада және университет кафедраларында шоғырланған. ҒЗЖ ҚР ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ ҚР ғылымы мен жоғары білім беруді дамытудың заманауи моделін табысты іске асыруда.

Соңғы 3 оқу жылында университетте 15 ғылыми-зерттеу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын университеттің тақырыптық жоспарына сәйкес іздестіру-бастамашыл ғылыми жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 71 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде: 9-іргелі тақырыптар, 50-қолданбалы тақырыптар, 12-тәжірибелік-конструкторлық зерттеу тақырыптары. Бұл жұмыстардың барлығы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша конкурсқа қатысу мақсатында ұлттық сараптау орталығында тіркеуді.

Өңірдегі көшбасшылықты сақтау үшін университет соңғы жылдары Қазақстан Республикасының іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының басымдықтарына сәйкес қалыптасқан ғылыми бағыттарды жетілдіруде, іздестіру-зерттеу жұмысының ресурстарын жаңартуда, гранттық конкурстарға қатысуда.

Мысалы, 2022 жылы 15 жоба, 2023-2024 оқу жылында 59 жоба іске асырылса, қазіргі таңда, яғни 2024 жылы 92 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда, оның ішінде: 18 гранттық қаржыландыру негізде, 1 БНҚ негізде, 3 халықаралық жоба, 1 ҒжҒТҚН, 49 ҒЗТКЖ, 20 стартап жоба.

Осы жобалардың нәтижесінде 2024 жылы ҒЗЖ-ны нақты жалпы қаржыландыру 818 300 мың теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы небәрі 144 398 мың, 2023 жылы қаржыландыру 237 900 мың теңгені құраған еді. 2024 жылы университет ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын жалпы сомасы – 4 323,4 млн теңгеге 9 гранттық жобаны жеңіп алды.

Сондай - ақ, университет ғалымдары ҚР басқа жоғары оқу орындарының ғалымдарымен ынтымақтастықта-меморандумдар негізінде басқа ғылыми жобалар бойынша бірлесіп орындаушы ретінде әрекет ететінін атап өткен жөн.

2024 жылы университет ғалымдары шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, жалпы сомасы 91,067 млн теңгеге 3 халықаралық жоба бойынша жұмыстар атқаруда.

2024 жылы гранттық қаржыландыру конкурстарына 63 өтінім берілді. Егер салыстартын болсақ 2023 жылы осындай конкурстарға 112 өтінім берілді. Ал 2022 бар болғаны 90 өтінім. Гранттық қаржыландыру бойынша 63 жобаның 9 жобасы ұтты.

«Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру конкурсы – 1 жоба ұтты (350 млн тг) бизнес өкілдерінен қоса қаржыландыру – 122,5 млн тг.

2024-2026 жылға БНҚ (ПЦФ) конкурсына ғылыми-техникалық тапсырма дайындалды – 3,5 млрд тг (Су шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі) бизнес өкілдерінен қоса қаржыландыру – 355 млн тг.

Ғылыми зерттеулерге деген сұранысты жыл сайын өсіп келе жатқан ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы байқауға болады.

2024 жылы университетке тартылған, гранттық қаржыландыру жобаларынан, халықаралық жобалардан, орындалған шаруашылық-шарттық жұмыстардан және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерден түскен инвестициялар көлемі ұлғайтылды. Мәселен, 2024 жылы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша 18 жобасынан – 1 300,3 млн теңге, 3 халықаралық жобадан – 91,067 млн теңге, 1 БНҚ – 3 500 млн теңге, 1 ҒжҒТҚН - 350 млн тг, стартап жобалардан 9,212 млн. теңге, ҒЗТКЖ бойынша 49 жобадан – 63,5 млн тенге түсті.

2024 жылы ҒЗЖ-ны нақты жалпы қаржыландыру 818 300 мың теңгені құрады. 2023 жылы қаржыландыру 259 271,08 мың теңгені , 2022 жылы қаржыландыру 144 500 мың теңгені, 2021 жылы 80 100 мың теңгені, ал 2020 жылы небәрі 40 млн теңгені құрады.

 

2024 жылы бір штаттық оқытушыға қаржыландыру көлемі 898,2 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш, 2023 жылы 276,9 мың теңгені, ал 2022 жылы 154,3 мың теңгені құрады.

 

 

Осылайша, 2023-2024 оқу жылы университетте ғылымды қаржыландырудың жалпы көлемі 59 ғылыми-зерттеу жобасынан - 704,751 млн. теңгені құрады.

«Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тізімі

Жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тізімі

Жалпы гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тізімі

Халықаралық жобалар тізімі

Бағдарламалық-мақсатты жобалар тізімі

Шаруашылық келісім-шарт негізіндегі жобалар тізімі

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының тізімдері

Стартап жобалардың тізімдері

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

 

2024 жылғы 11 наурызда әскери кафедрада террористік актілердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа қарсы сезімді тәрбиелеу жөніндегі профилактикалық жұмыс мақсатында цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізді.

Сөз сөйлеу барысында студенттерге осы Заңда қолданылатын жалпы ережелер, ұғымдар, терроризмге қарсы іс-қимылдың принциптері мен мақсаты жеткізілді.

11 марта 2024 года на военной кафедры в целях профилактической работы по предотвращению террористических актов, формирования патриотизма, воспитания чувства неприятия к насилию, начальник цикла подполковник  запаса Наурызбаев Ж. П. довел до студентов закон Республики Казахстан «О противодействии терроризму»

В ходе выступления до студентов были доведены общие положения,  понятия используемые в настоящем законе, принципы и цель противодействия терроризму.

Сейсенбі, 12 Наурыз 2024 05:18

8 наурыз күні құтты болсын!

8 наурыз мерекесіне орай әскери кафедраның ұжымы университет әйелдерін құттықтады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын құттықтады.

Әскери кафедра офицерлері мерекеге арналған қабырға газетін шығарды.

23 бет. Барлығы: 454
Top