Сайттың жаңа нұсқасы

Super User

Super User

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан ғылымын танымал ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа министрліктің басты бағыттарының бірі – ғылымды дәріптеу.

«Қазір ғылымды қайтадан танымал, қызықты ету, ғылыми мансаптан үлкен мансаптық трамплин жасау өте маңызды. Бүкіл Marvel фильмдерін қарасаңыздар: Брюс Бэннер – Халк – ғалым, Тони Старк – ғалым. Барлық кейіпкерлер – ғалымдар. Инноватор ретінде, әлемді және елімізді алға жылжытып, жақсартатын адам ретінде ғалым мәртебесін қайтаруымыз керек», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Өз сөзінде Ғылым министрі Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің мұғалім мәртебесін қайтарғанын еске салды.

«Дәл осылай ғалымның мәртебесіне де назар аудартқымыз келеді. Ғалым – болашағы зор мансап. Ғалымдар расында да әлемді өзгертеді. Және ең бастысы, ғалымдар қолданбалы форматта экономикалық және әлеуметтік дамуға, ЖІӨ-нің өсуіне және басқа факторларға әсер етеді. Яғни, ғылым әлеуметтік-экономикалық дамудың серіктесі және көмекшісі ретінде де маңызды», - деді Саясат Нұрбек.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7 «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымды дамыту бойынша проректордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда не өзге де мемлекеттік органдарда және (немесе) ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.Конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1)  белгіленген нысандағы өтініш;

2)  Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)  белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағықызмет тізімі;

4)  салыстыру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;

5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Тараз қ., Ы.Сүлейменов көш., 7 (каб. 1.1.108), тел.: 8 7262 457978.

Программы проведения творческого экзамена по группе образовательных программ:

ПРОГРАММА проведения специального экзамена поступающим на образовательные программы высшего образования по области образования «Педагогические науки»

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по группе образовательных программ В004 Подготовка учителей начальной военной подготовки

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по группе образовательных программ В005 Подготовка учителей физической культуры

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по группе образовательных программ В006 Подготовка учителей музыки

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по группе образовательных программ В007 Подготовка учителей художественного труда и черчения

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по группе образовательных программ В028 «Хореография»

ПРОГРАММА проведения творческих экзаменов по образовательной программе В031 «Мода, дизайн»

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по образовательной программе В042 «Журналистика и репортерское дело»

ПРОГРАММА проведения творческого экзамена по группе образовательных программ B092 «Досуг»

ПРОГРАММА проведения творческих экзаменов по образовательной программе М035 «Мода, дизайн»

В004 - Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В006 - Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В007 - Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В028 - Хореография білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В031 - Сән, дизайн білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В042 - Журналистика білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В073 - Сәулет білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

В092 - Тынығу білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

М035 - Дизайн білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламасы

Менің мамандығым Елімізде сұранысқа ие және қарқынды дамып келе жатқан мамандықтардың бірі болып табылады.  Әр елдің экономикасының дамуы, тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының артуы халқымызды отандық және сапалы өнімдермен қамсыздандырумен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанның былғары және оған байланысты өнімдер саласы 160-тан астам кәсіпорынмен ұсынылған, оның 56  аяқ киімдерді, 54 былғары киімдерді және 51 кәсіпорын үлбір бұйымдарды өндірумен айналысады. Ең ірі өндіріс орындары: «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Almaty Tannery+» ЖШС және «КазЭкспортКожа» ЖШС. Қазақстандағы барлық былғары кәсіпорындарының жалпы қуаттылығы шамамен 54 мың тонна шикізатты құрайды: ірі қара мал және аз мөлшерде ұсақ мал терісі.

Бүгін 4 жыл бойы алған білімнің нәтижесі бойынша «Ерлердің күнделікті аяқ киімін өндіру процесінің конструкторлық-технологиялық құжаттамасын әзірлеу»  тақырыбымен дипломдық жобамды  қорғадым. Ерлерге арналған сапалы, гигиеналық және эргономикалық, экономикалық талаптарға сай аяқ киім жобалау кәсіпорындардың шығаратын аяқ киімдерінің ассортиментінің кеңеюіне өз үлесін қосатын болады деп ойлаймын.

Мамандығымды мақтан етемін. Алдағы уақытта елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы дамып, Қытай, Түркия, Рессей және т.б. мемлекеттерден импорт арқылы келетін қымбат және сапасыз бұйымдардың орнына отандық бұйымдарды тұтынатынымызға сенімдімін. Ол мемлектіміздің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Факультет деканы Әймен Әнуарбек Талқаұлының және кураторымыз Бекжан Абзалбекұлының берген көмегіне, қамқорлығына, айтқан ақылына ризашылығымды білдіремін!

Жеткен жетістіктерімді мақтан тұтып универімді айта аламын!!!

Мадияр Оспанбеков М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік универстеті Технологиялық факультетінің «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау»  мамандығының 4 курсының бітіруші түлегі.

Важнейшим показателем эффективности образования является востребованность выпускников Вузов на рынке труда.

Развитие водохозяйственной отрасли напрямую зависит от  подготовки и переподготовки специалистов на уровне современных требований, усиления роли ученых при решении актуальных проблем отрасли.

В связи с этим, 15 июня 2022 года состоялась встреча Советника министра МЭГПР РК и ректора ТарРУ им.М.Х.Дулати. На встрече обсуждались вопросы по подготовке кадров водной отрасли, выделения грантов на обучение, привлечение специалистов водного направления к учебному процессу, совместное участие в научных проектах   ученых Вуза и КазНИИВХ, а также высококвалифицированных специалистов РГП Казводхоз. Встреча прошла продуктивно, для дальнейшего сотрудничества и обсуждения возникающих вопросов будут организованы еще встречи.

Менің мамандығым Елімізде сұранысқа ие және қарқынды дамып келе жатқан мамандықтардың бірі болып табылады.  Әр елдің экономикасының дамуы, тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының артуы халқымызды отандық және сапалы өнімдермен қамсыздандырумен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанның былғары және оған байланысты өнімдер саласы 160-тан астам кәсіпорынмен ұсынылған, оның 56  аяқ киімдерді, 54 былғары киімдерді және 51 кәсіпорын үлбір бұйымдарды өндірумен айналысады. Ең ірі өндіріс орындары: «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Almaty Tannery+» ЖШС және «КазЭкспортКожа» ЖШС. Қазақстандағы барлық былғары кәсіпорындарының жалпы қуаттылығы шамамен 54 мың тонна шикізатты құрайды: ірі қара мал және аз мөлшерде ұсақ мал терісі.

Әскери кафедрада оқу жиыны кезінде запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқитын екінші және үшінші курс студенттері арасында үстел ойындары бойынша спорттық жарыс өтті.

Іс–шараның мақсаты - адалдық пен әділдіктің жеке қасиеттерін дамыту.

На военной кафедре в период учебного сбора состоялось спортивное соревнование по шахматам и шашкам среди студентов вторых и третьих курсов по программе сержантов запаса.

Цель мероприятия – развить личностные качества честности и справедливости.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының 3 курс студенттері 2-ші өндірістік тәжірибені 6В07211 -«Инновациялық текстиль» білім бағдарламасы ЖШС «Фабрика ПОШ-Тараз» кәсіпорынында, 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы» білім бағдарламасы ЖК «Кожабекова» өндірісінде, сонымен қатар 6В07511– «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім бағдарламасы бойынша Жанна Т» ЖК, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, АҚ «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Жамбыл филиалы, Тараз қ., Қызылорда облысы, «Қармақшы аудандық ұлттық сараптама орталығы» кәсіпорындарында 30.05.2022ж.-25.06.2022ж. аралығында өтеді. 

154 бет. Барлығы: 460
Top