Super User

Super User

Сейсенбі, 08 Сәуір 2025 06:53

Жабдықтаушылардың қатысу тәртібі

Қатысушылар үшін нормативтік құжаттар 

«Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын» (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығы.) 

Келісімшарт жасау шарттары 

Жабдықтаушы міндетті:

-Компанияның (өндіруші зауытының) ресми дистрибьютор болуы;

-Барлық жеткізілген құралдар мен жабдықтар бойынша 1 жыл кепілдік беру;

-Жеткізілген жабдықты монтаждау және реттеу жұмыстарын жүргізу;

- персоналды оқыту (қажет болған жағдайда);

-Жеткізілген жабдыққа қажетті барлық құжаттарды (паспорт, сәйкестік сертификаты) ұсыну;

-Келісім-шарт жасау үшін қажетті барлық құжаттарды ұсыну (құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғаның деректері (аты-жөні, жарғы немесе сенімхат №/күні немесе басқа негіз бойынша әрекет ету), заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтама).

Бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ереже

Сатып алу реестрі

Құрметті білім алушылар!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылдың 1 сәуірдегі № 152 бұйрығының негізінде 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессия қорытындысы бойынша босатылған бос орындарына білім беру гранттарына байқауының қорытынды нәтижесі шыққанын хабарлаймыз.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқауы жүргізіліп, босатылған бос орындарына білім беру гранты тағайындалды.

Назар аударыңыздар! Грант иегерлерінің назарларына!

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына сәйкес:

Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

  Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары тізбесі "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысында айқындалған қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыс істейді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды (бұдан әрі - ДССҒҰ) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік органдарда немесе ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2025 10:26

Scientific programs

BASIC INFORMATION ABOUT THE PROGRAM BEING IMPLEMENTED

INTERIM REPORT 2024 (download file)

MEETINGS

PUBLISHED ARTICLES WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROGRAM

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2025 10:26

Научные программы

BASIC INFORMATION ABOUT THE PROGRAM BEING IMPLEMENTED

INTERIM REPORT 2024 (download file)

MEETINGS

PUBLISHED ARTICLES WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROGRAM

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2025 10:25

Ғылыми бағдарламалар

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

АРАЛЫҚ ЕСЕП-2024

ЖИНАЛЫСТАР

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2021 жыл

 
«ПӘННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы З. Алтынбекова (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
«Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушылары Д. Жылысбаев (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
«Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушылары Э. Джакашова (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Ғ. Алтыбаев, оқытушы Қ. Абдикаримов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК ФЛИПЧАРТ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті З. Қашқынбаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК АШЫҚ ОНЛАЙН КУРС» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының доценті З. Абдукаримова, аға оқытушы А. Қожахметова, аға оқытушы Т. Махан (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК МЕНЕДЖЕР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы А. Наурызбаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2020 жыл

 
«ПӘННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Филология және журналистика» кафедрасының доценті Ә. Нусупова, аға оқытушысы А. Иматаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушылары Ғ. Әбдіханова, А. Иматаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының PhD докторы Б. Абзалбекұлы (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮШТІЛДІ АРНАЙЫ ТОПТАР АРАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы А. Мурзахметов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК АШЫҚ ОНЛАЙН КУРС» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Қ. Абдикаримов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2019 жыл

 
«ҮЗДІК МЕНЕДЖЕР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын –- «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушысы Ж. Доумчариева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК ФЛИПЧАРТ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын – «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы А. Саулебаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ПӘННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушылары Е. Мусинов, А. Мурзахметов, Қ. Абдикаримов, доцент Г. Боранкулова (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Физика» кафедрасының оқытушысы Б. Усербаев (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушылары А. Бауберикова, О. Шин, Б. Жұмағұлова, PhD докторы А. Газаев (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 
«ҮШТІЛДІ АРНАЙЫ ТОПТАР АРАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Қ. Абдикаримов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
Дүйсенбі, 15 Маусым 2020 19:30

Ректор блогы

РЕКТОР БЛОГЫ

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

Бүгін Сен өміріңдегі ең маңызды шешім қабылдау сәті алдындасың. Үлкен өмірге алғашқы қадамыңды жасап, өзіңнің арманыңдағы мамандық иесі атануға жетелейтін жол үстіндесің. Бұл сәтте жасаған әрбір қадамың мен қабылдаған шешімің Сенен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дұрыс жасалған таңдау жарқын болашаққа, табысқа жеткізетінін әсте естен шығармаған жөн.

Жастар – өркениетке бет бұрған еліміздің болашағы, ертеңгі мемлекет тірегі. Қазақстанның дамып, өркендеуі жастарымыздың білімі мен ақыл-ойының тереңдігіне байланысты. Қазақстандағы әрбір жас ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын, заман талабына сай маман болуын Президент Н.Ә.Назарбаев басты назарда ұстап келеді. Сондықтан жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі – өзекті мәселе.
Бәсекеге қабілетті Қазақстанға ең қажеттісі – білімді жастар. Бүгінгі таңда нарықтық экономика заңдылықтарының терең тамырлануына байланысты қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. Бұл ретте өзінің болашағын терең жоспарлаған әрбір жас ұрпақ заманауи жоғары оқу орнында білім алуы қажет.

Халқымыздың рухын асқақтататын ұлы Дулати бабамыздың есімін иемденген білім ордасы – Тараз өңірлік университеті жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді басты мақсат тұтады. Университет еліміздің еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлауда алдыңғы қатарда келеді. Білікті профессор-оқытушылар құрамы студенттерге сапалы білім беру барысында алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары мен әлемдік озық тәжірибелерді игеріп, оқу үрдісінде кеңінен пайдаланады.

Жас дос! Тараз өңірлік университеті қабырғасынан алған заманға сай жан-жақты білімің, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге қабілеттілік, бойыңа сіңірген білім мен ғылым, ұлттық рух, мәдениеттілік пен парасаттылық арманыңдағы мақсаттарыңа жетудегі баспалдақ болары сөзсіз. Сәттілік тілеймін!

Сұрақ қою

Жауап

Қайырлы күн, Құрметті Асима Махмут!
Жатақханада тұратын студенттеріміздің жағдайын жақсарту үшін жауапты мамандарға жатақхананы тұрмыстық техникамен қамтамасыз етуді және интернет жалдамдығындағы ақауларды түзетуді тапсырдым.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру үшін техникалық сипаттамалар әзірленуде.
Бүгінгі таңда Ниетқалиев №2 мекен жайында орналсқан №1 жатақханасында қосымша 200 литрлік 2 сужылытқыш орнатылған.
Мемлекеттік сатып алу порталына қатысты қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін 40 тоңазытқыш орнатылады. Сонымен қатар, жоғарыжылдамдықты интернет іске қосылады.

Жауап

Саламатсызба! Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес егер сизде ағылшын тілі бойынша Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар болса сіз ағылшын тілінен тест тапсырмайсыз. Ондай сертификатыңыз болмаса сіз емтихан тапсырасыз. Сұрақтардың үлгісін сіз www.testcenter.kz/ сайтында аласыз.

Жауап

Айгерим, біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз Конституциямызға сәйкес зайырлы мемлекет болып табылады, яғни мемлекет өз территориясында заңды әрекет етуші діндердің ешқайсысына артықшылық көрсетпейді. Біздің университетіміз өңірлік оқу орны болғандықтан барлық ұлттар мен конфессия өкілдерінің зайырлы киім үлгісімен жүруі дұрыс.

Жауап

Құрметті, Ақмарал! Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін бірқатар талаптарға сәйкес болуыңыз қажет. Толық ақпаратты Төле би көшесі, 60, Балон үрдісі және академиялық ұтқырлық бөліміне келіп біле аласыз. 2.1-302 А кабинеті тел: 45-47-53

Жауап

Құрметті Арман! Осы орайда қазіргі таңда қысқы және жазғы емтихан сессияларының өту барысын тексеру мақсатында университетіміздің белсенді студенттерінен құрылған тәуелсіз топ жұмыс атқарады. Топтың негізгі мақсаты емтиханның адал өтуін тексеру. Топ тәуелсіз болғандықтан ешқандай беделді азаматтар сыртжақтан олардың жұмысына әсер ете алмайды, сондықтан әр-бір студент бірінші кезекте шпоргалка, таныс арқылы емес өзінің біліміне сүйене отырып жауап береді. Сонымен қатар, университетіміздегі тәрбие жұмысын жүзеге асыру мақсатында студенттердің сабаққа келуі үнемі бақыланып отырады. Егер студент сабақтан көп қалып немесе ол студенттің үстінен мұғалімінің не кураторырың атынан мәлімдеме түскен жағдайда оларды оқудан шығаруға дейінгі шаралар қолданылады, оқудан шығарылады. Сабаққа қатысуы төмен барлық студенттер тізімі оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаментіне өткізіледі және олардың тікелей бақылауында болады. Егер сабаққа қатысу көрсеткіші төмен студент жоғары балға ие болған жағдайда мұғалімнен түсінінтеме алынад және шара қолданылады. 2.сұрақ бойынша: ғылыми жұмыстардың нәтижесін қорытындылау арнайы комиссияға жүктеледі. Комиссияның шешімінің негізінде жүлделі орындар беріледі. Ал, комиссия жұмысы ашық жүргізіледі. Сондықтан комиссияның шешіміне күмандануға негіз жоқ.

Жауап

Найзакеева Улжан Койбагаровна Мұрағаттық анықтама алу үшін, Сіз ТарМУ-ің мекен жайына (080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60) келесі құжаттарды жіберуіңіз керек: 1) Өтініш (ректорға) 2) Дипломның ксерокөшірмесі 3) Жеке куәліктің ксерокөшірмесі

Жауап

Сіз қандай мамандықта және қай курста оқитындығыңызды көрсетуіңіз керек. Біздің университетте сырттай оқу бөлімінің 27 мамандығының студенттері қашықтан оқыту технологиясын қолданып білім алады. Егер сіз қашықтықтан оқыту технолгиясымен білім алатын болсаңыз сізге қажетті ақпаратты cde.tarsu.kz сайтынан көре аласыз және сұрақтарыңызды осы сайтқа жазыңыз. Пароль алу мәселесін сайтқа сұрақ беріп шешуге болады. Ал қашықтан оқыту технологиясын қолданбай оқитын болсаңыз, ондай студенттерге пароль берілмейді, себебі олар университетке өздері келіп, барлық сұрақтарын сырттай оқыту деканатында шешеді.

 

Жексенбі, 14 Маусым 2020 18:25

Задать вопрос

Задать вопрос

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


12 бет. Барлығы: 460
Top