Филология ғылымының өзекті бір саласы түркі филологиясы қазіргі таңда жан-жақты зерттеліп, оқытылуда. Қазақ грамматикасының тарихын тереңнен тану үшін осыдан үш жыл бұрын «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры М.Р.Көпбаеваның ұсынысымен таңдау пәні компаненті ретінде «Түркі филологиясының негіздері» атты пән енгізілген болатын. Бүгінде білім алушы студенттер тарапынан зор қызығушылыққа ие болған, бұл пән өзінің маңыздылығын дәлелдеді. Студенттердің өтінішімен және академиялық ұтқырлық талабы бойынша профессор М.Р.Көпбаева Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі түрколог Қасиет Молғажаровты арнайы шақыртып дәріс өткізілді.
Профессор Қ.Молғажаров өткізген дәрістің тақырыбы түркітанудың ең өзекті саласы: «Түркі тілдерінің генеалогиялық классификациясына» арналды. Дәріс өте тартымды өтті, дәріске қатысқан 2 курс ФилК-1,3 тобының студенттері түркі филологиясы бойынша өздерін толғандырып жүрген проблемалық мәселелердің жауабын тапқандай болды. Профессор Қ.Молғажаров дәрісті инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, жаңа технологиялардың көмегімен тарата талдап түсіндірді. Болашақта түркітануға, тарихи грамматикаға, қазақ жазуының тарихына қызығушылық танытқан студенттердің түркітанушы, профессор Қ.Молғажаровтың және профессор М.Р.Көпбаеваның дәріс алып, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік мол.
2 КУРС СТУДЕНТІ, ПРАЛИЕВА АЙГҮЛ