Сайттың жаңа нұсқасы

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

Қырғызстан Республикасынының Бишкек қаласындағы Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінде «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогикалық психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Бузаубакова Клара Джайдарбекова профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-сапарда тәжірибесе алмасып қайтты.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – Қазақстанның академиялық білім беру аймағына ену кезеңінде болашақ педагогтердің цифрлық-креативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындауда шетелдік инновациялық іс-тәжірибені зерделеу.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбекова 550700-«Педагогика» бакалавр  бағытының Бастауыш білім беру мамандығының студенттерімен «Бастауыш сынып оқушысының оқу жетістіктерін бағалау және мониторинг», «Педагогикалық зерттеулер», «Цифрлық педагогика» пәндерінен дәріс оқып, магистрлер және профессор-оқытушылармен  «Мен-SMART-педагогпын!» тақырыбына шебер-сыныптар өткізді, «Қазақстан және Қырғызстан Республикалары арасындағы ғылыми –ынтымақтастық байланыс: М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті танымал ғалымдарының коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттары» тақырыбына   педагогикалық коворкинг ұйымдастырды.

Профессор Бузаубакова Клара Джайдарбекова AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: ҚР-да қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері»гранттық қаржыландыру Жобасы аясында даярлаған өзінің«Theory and practice of formation of digital competencies of future teachers in the conditions of distance learning in the Republic of Kazakhstan» атты монографиясы мен «Digital Pedagogy» оқулығын университет кітапханасына сыйға тартты.

Академиялық ұтқырлық аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетнің академиялық жұмыстар бойынша жұмыс аясы кеңеюде: профессор Бузаубакова Клара Джайдарбекованың «Цифрлы педагогика» оқулығы қырғыз тіліне аударылып «Санариптик педагогика» оқулығы баспадан шығаруға әзірленуде.

Академиялық ұтқырлық  барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетнің алдағы жұмыс бағыттары анықталынды: бірлескен авторлық бірлестікте оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар шығару; магистрлік және PhD докторлық диссертацияларға жетешілік ету,бірлескен ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік конференцияларды, педагогикалық форум, вебинарларды өткізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу жоспарлануда.

Сапар соңында профессор Клара Джайдарбекова жылы қабылдауға алғыс айтып,жылы лебізін білдірді.

ака глав и11111

ака2222

ака3333

ака4444

 

 
Прочитано 24 раз
Top