Сайттың жаңа нұсқасы

Өркениеттердің өзара байытылуы және жастар миссиясы

Қытай мен Орталық Азия арасындағы жоғары деңгейлі гуманитарлық алмасулар мен ынтымақтастыққа арналған ғылыми конференция

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қызметкерлері «Өркениеттердің өзара байытылуы және жастар миссиясы» тақырыбындағы ғылыми конференцияға қатысты. Конференция Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары деңгейлі гуманитарлық алмасуларды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналды.

Конференцияның ашылуында М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының у.м.а Сейтжан Орынбаев  құттықтау сөз сөйлеп, жастардың өркениеттер арасындағы диалогты дамытудағы, мәдени өзара түсіністік пен халықаралық серіктестікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Конференцияның басты мақсаты – академиялық алмасуларға арналған ғылыми алаң қалыптастыру, өзара қолдауды күшейту, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің стратегиялық дамуына ықпал ету және «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бастамасын бірлесіп жүзеге асыруға үлес қосу.

Конференция аясында М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ғалымдары өз ғылыми баяндамаларын ұсынды. Атап айтқанда, Қошкинбаева Нұргүл Рыспайқызы, Сабралиева Жанар Түзелбекқызы, Демьянова Вероника Дмитриевна, Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы, Джолчибекова Күләндам Жұмағұлқызы, Бекбаулина С.Х.,Джолонов Е. Е., Джуншеев Р. Е., Ахатова Г. А. және басқа да зерттеушілер Қытай мен Орталық Азия арасындағы мәдени, цифрлық, туристік және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады.

Конференция барысында Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының, Моңғолияның және Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ташкент қаласындағы филиалы, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Орталық Азия инновациялық университеті мен Конфуций институтының ғалымдары қатысты.

Қытайлық әріптестермен ынтымақтастық М. Х. Дулати атындағы Тараз университетін интернационалдандырудың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады және университеттің халықаралық беделін арттыруға, ғылыми әлеуетін дамытуға және Қазақстан экономикасына қажетті бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға елеулі үлес қосуда.

Прочитано 31 раз
Top