«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ бос қызметтік тұрғын үйлеріне өтініш қабылдау туралы хабарландыру!

«М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ қызметкерлеріне арналған қызметтік тұрғын үйді беру бойынша өтініштер қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Қызметтік тұрғын үйлер «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ жанынан құрылған Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы органТұрғын үй комиссияның шешіміне және университеттің ішкі қағидаларынасәйкес беріледі.

Өтініш беру үшін талап етілетін құжаттар:

  • - «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың атына жазылған өтініш;
  • - жеке куәлік көшірмесі;
  • - ҚР аумағында өздерінің атына тіркелген жеке тұрғын үй, пәтер, тұрғын үй-жай немесе үлестік меншік құқығындағы тұрғын үйге ие еместігі жөніндегі қызметкердің және оның жұбайының атында тұрғын үйдің жоқтығы туралы анықтама.
  • - соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • - сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • - әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама;
  • - конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  • - конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

Қызметтік тұрғын үйді бөлу кезінде мынадай санаттарға басымдық беріледі:

  • - жас ғалымдар (40 жасқа дейінгі);
  • - сырттан шақырылған мамандар мен ПОҚ;
  • - ғылыми дәрежесі бар (PhD, докторант) штаттық ПОҚ;
  • - ғылыми жобаларға тартылғанштаттық ПОҚ;
  • - соңғы бес жылда ҚР аумағында өздерінің атына тіркелген жеке тұрғын үй, пәтер, тұрғын үй-жай немесе үлестік меншік құқығындағы тұрғын үйге ие еместігі және қызметкердің және оның жұбайының атында тұрғын үйдің болмауы.
  • - көпбалалы отбасылар;
  • - жалғызбасты ата-аналар;
  • - денсаулығына байланысты әлеуметтік осал топтағы қызметкерлер.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz.сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс, 2025 жылғы 04желтоқсан мен18 желтоқсан аралығында.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 13, (1.1 корпус) (Заң қызметі, Персоналды басқару қызметі), тел. 8(702)9177733, 8(747)8106168.

 

Прочитано 33 раз
Top