Университеттің Тәрбие бөлімі, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті Әлем тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Safe Life: психолог, нарколог, құқық органдары» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесудің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Шараға университет студенттері белсенді қатысып, салалық мамандардан кәсіби кеңес алды.
Кездесуге арнайы шақырылған мамандар – Тараз қ. ПБ 1-ПБ ҚҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Ф.А. Халматов, Тараз қ. ПБ 1-ПБ КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны А.Қ. Иманалиев, ПБ 1-ПБ КПБ, полиция майоры С.Қ. Абжанов, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психолог-наркологы И.В. Данилюк, коуч-психолог, энергопрактик Г. Бейсембек жастармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, кең ауқымды ақпарат ұсынды. Спикерлер онлайн-қауіптер, кибербуллинг және цифрлық зорлық-зомбылық түрлері, есірткіге тәуелділіктің зардаптары, психологиялық тәуекелдер, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық нормалары жөнінде түсіндірме берді. Психологтар мен наркологтар стрессті басқару, эмоционалды тепе-теңдікті сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу жолдарын түсіндірсе, құқық қорғау органдары азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің маңызын атап өтті. Іс-шара барысында адам құқықтары мен азаматтардың еңбек құқықтары, қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарды қолдау тетіктерін күшейту, жастардың құқықтық мәдениетін дамыту мәселелері де талқыланды.
Кездесу соңында студенттер мамандарға сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелер бойынша кәсіби жауап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың құқықтық санасын арттыруға, олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және қазіргі қоғамдағы түрлі қауіп-қатерлерден қорғану дағдыларын дамытуға елеулі ықпал етеді.





